Оқиға

Алматыда болған жол апатының суреттері жарияланды

Жүк көлігі қатты жылдамдықпен алдында келе жатқан Hyundai Accent-ті соққан, одан кейін үш бірдей тосқауылды бұзып тоқтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Алматыда рөлі істемей қалған Howо жүк көлігі Hyundai Accent-пен соқтығысты. Онымен тоқтамай, үш бірдей қоршауды бұзып өткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда болған жол апатының суреттері жарияланды

Howо мен Hyundai Accent шығыс жақ айналма жол ортасындағы қатармен жүріп келе жатқан.

Халиуллин көшесіне жетпей, жүк көлігінің рөлі істемей қалды. Howо қатты жылдамдықпен алдындағы жеңіл көлікті соққан. Hyundai Accent айналып барып, жолды бөліп тұрған тосқауылға соғылды. Жүксалғышы мыжылып қалды.

Алматыда болған жол апатының суреттері жарияланды

Ал Howо тоқтаған жоқ. Жиектасты бұзып, үш бірдей темір қоршауды сындырды.

Апат кезінде Hyundai Accent-тің жүргізушісі жарақат алды. Қызды ауруханаға жеткізді.

Алматыда болған жол апатының суреттері жарияланды

Абырой болғанда, жаяу жүргінші жолында ешкім болған жоқ. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.