НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. 12 желтоқсаннан бастап кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Жүру бағыттары ұзартылады:
- №37/38 "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол" "Семей – "Маңғыстау-Семей" станциясына дейін;
- №45/46 (№673/674 орнына) "Павлодар – Нұр-Сұлтан 1" Шымкент – "Павлодар-Шымкент" станциясына дейін;
- № 613/614 "Орал – Ақтөбе" Құлсары "Орал – Құлсары" станциясына дейін.
Жүру бағыты қысқартылады:
- №85/86 "Нұр-Сұлтан 1 – Сарыағаш" Шымкент – "Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент" станциясына дейін.
№86/85 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" пойызының маршрут кестесінде 27 станцияда тұрақтар оңтайландырылды, бұл құрамның жүру уақытын 3 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді (24 сағаттың орнына 21 сағат). Оңтайландырылған станциялар бойынша жолаушыларды отырғызу/түсіру №45/46 "Павлодар-Шымкент" балама пойызының маршрутында қарастырылған.
Жүру жиілігі өзгереді:
- № 45/46 (673/674 орнына) "Павлодар – Шымкент" күн сайыннан күнараға;
- № 353/354 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Семей" күн сайыннан күнараға;
- № 613/614 "Орал – Құлсары" аптасына үш реттен күнараға;
- № 51/52 "Алматы-2 – Орал" күнарадан күн сайынға.
Кесте өзгерді:
- №77/78 "Маңғыстау-Алматы-2" Маңғыстау станциясынан жөнелту уақыты 22.05-тің (астана уақыты бойынша) орнына 09.05 болды.
Жаңа бағыт енгізіледі:
- №111/112 "Алматы-2-Маңғыстау", Тальго вагондарымен қалыптастырылған, күнара қатынайды.
Жылжымалы құрам жаңартылды:
- №603/604 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Арқалық" Тальго вагондарымен;
- № 613/614 "Орал-Құлсары" ҚХР вагондарымен, ауа баптау жүйесімен;
Пойыздардың нөмірленуі өзгерді:
- №373/374 "Алматы-2 – Жезқазған" № 73/74;
- №321/322 "Алматы-2-Сарыағаш" № 88/87;
- №339/340 "Павлодар-Пресногорьковская" № 139/140;
- №673/674 "Павлодар-Шымкент" № 45/46 болып өзгерді.
Бағыт алынып тасталды:
- №19/20 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жол-Атырау";
- №71/72 "Алматы-2-Түркістан";
- №95/96 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жол-Орал";
- № 701/702 "Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол".
Маршруттарды оңтайландыруға байланысты бір реттік пойыздар белгілі бір күндерде бір бағытта:
- №702 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол-Алматы 2" Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 11 желтоқсан сағат 09-40 жөнелтіліп, Алматы-2-ге 11 желтоқсан сағат 23-45 келуімен;
- №702 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Алматы 2" Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 18-25-те жөнелтіліп, Алматыға-2-ге 13-ші желтоқсан күнгі сағат 09-00-де келуімен;
- №85 "Сарыағаш-Нұр-Сұлтан-1" Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 16-47-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтанға 1-ге 13 желтоқсанда сағат 22-35-те келуімен;
- №674 "Нұр-Сұлтан 1-Павлодар" Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 12 желтоқсанда сағат 23-59-да жөнелтіліп, Павлодарға 13 желтоқсанда сағат 08-55-те келуімен;
- №37 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Маңғыстау" Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 19-00-де жөнелтіліп, Маңғыстауға 14 желтоқсан күнгі сағат 17-25-те келуімен;
- №87 (321) "Сарыағаш-Алматы-2" Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 18-38-де жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 13-54-те келуімен;
- №31 "Павлодар-Алматы-2" Павлодар станциясынан 12 желтоқсанда 19-35-те жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 21-16-да келуімен іске қосылады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.