"Бүгін "Есірткіге жол жоқ" іс-шаралар кешені аясында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталып, жобаның жабылу рәсімі өтті", - дейді "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.
Оның айтуынша, жоба аясында екі бағыт бойынша байқау жарияланған. БАҚ өкілдері 5 аталым бойынша сайысқа түссе, жасөспірімдер сурет салудан бейнероликтер жасаған.
Айта кетері, жасөспірімдер арасындағы байқауда Олуэн Өтемістің бейнеролигі ең үздік сюжет деп танылды.
Елордада 14-29 жас аралығындағы жастардың арасында нашақорлыққа қарсы "Esirtkege jol joq" акциясы жыл сайын өткізіледі.
Бұл жобаның мақсаты – диспансерлік есепте тұрған нашақорлардың санын азайту.