Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

Қалада автобустар қатынасы да кідіріп қалды. Таңертең аялдамада біраз адам жиналды. Аулада тұрған кейбір көлік қардан шыға алмай қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ауа райына байланысты астанада кейбір сыныптар үшін сабақ болмайды.

"Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 25.11.2021 екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді", - деп хабарлады қалалық білім басқармасы. 

Елордада бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсті. Қалың қарға байланысты көлік қозғалысы қиындады.

Қалада автобустар қатынасы да кідіріп қалды. Таңертең аялдамада біраз адам жиналды. Аулада тұрған кейбір көлік қардан шыға алмай қалды. Адамдар бір-біріне көмектесіп, көлік итерді. Ал такси қызметінің бағасы шарықтап кетті.

Қазір ауа температурасы минус 8 градус шамасында, қар жауып тұр.

Бұған дейін синоптиктер Нұр-Сұлтанда бұрқасын жүріп, көктайғақ болатынын ескертті. 

Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды