Оқиға

69 жаста той көйлегін киген әжейдің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

​Балалары ата-анасына лимузин де жалға алған. Ал алтын той иелері үйлену вальсін орындап берді. Той кезінде 69 жастағы әжей гүл лақтыру рәсімін де жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық ерлі-зайыптының видеосы тарады. 69 жастағы зейнеткер алтын тойға қалыңдық көйлегін киіп шықты. 

"Бұл менің арманым еді. Баяғыдағай жанымда абысындарым жоқ, о дүниелік болып кетті. Міне, 50 жыл да өтті. Сол кезде ақ көйлек киген жоқ едім. Абысыным біреудің көйлегін әкеліп, кигізкісі келген. Бірақ мен кимеймін дегенмін. Артынан ұл-қыздарым өссе де, ақ көйлек киемін деген қиялда жүрдім. Міне, бүгін арманым орындалды. 50 жылдан кейін ақ көйлегімді киіп тұрмын. Балаларыма рахмет", - дейді ол.

​Балалары ата-анасына лимузин де жалға алған. Ал алтын той иелері үйлену вальсін орындап берді. Той кезінде 69 жастағы әжей гүл лақтыру рәсімін де жасады.