Өңірлер

Қызылордада қыздарды жезөкшелікке тартқандар ұсталды

Полиция қызметкерлері 3 демалыс орнын тексеріп, жеңгетайлықпен айналысқандарды қамауға алды
Sputnik

ҚЫЗЫЛОРДА, 24 қараша – Sputnik. Қызылордада жезөкшелік қызмет ұсынған "жеңгетайлар" ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полицияға демалыс орындарының клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылатыны туралы хабар түскен. Осыған орай Қызылорда полиция басқармасының жедел уәкілдері қала орталығындағы 3​ демалыс орнын тексеріп, жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.  

"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталады. Ал жезөкшелікпен айналысқан қыздар тіркеуге алынды", – деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетері, өңірде осы жылдың 22 қарашасынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта "Стоп трафик" жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Операцияның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және ескертуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: