Әлем

Молдова "Газпромнан" газ жеткізуді тоқтатпауды сұрады

Молдова газ ақысын 26 қарашада төлеуге уәде берді, "Газпром" көгілдір отынды жеткізуді тоқтатпауға келісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Молдова "Газпромға" бүгіннен бастап газ жеткізуді тоқтатпауды сұрап, оның ақысын жұма күні төлеуге уәде берді, компания республикадағы жағдайды түсініп, келісімге келді, деп мәлімдеді "Газпром" өкілі Сергей Куприянов.

"Молдова үкіметі "Газпромнан" бүгіннен бастап газ жеткізуді тоқтатпауды сұрады. Сонымен бірге Молдова тарапы "Газпромның" іс-әрекеті заңды екенін толығымен мойындап, осы жылдың 26 ​​қарашасы күні төлемдерді толығымен аударуға міндеттеме алды. "Газпром" бірыңғай жағдай ретінде Молдова Республикасының азаматтары бастан кешуі мүмкін қиын жағдайды түсініп, бұл өтінішпен келісті", - деді Куприянов.

"Газпром" Молдованың болашақта келісімшарт бойынша міндеттемелерін сөзсіз орындайды және қазіргі төлемдерді уақытында төлейді деп үміттенеді. Келісімшарт міндеттемелері орындалуы керек", - деп толықтырды ол.

"Газпром" дүйсенбі күні келісімшарт бойынша төлем жасалмауына байланысты 48 сағаттан кейін газ беруді тоқтататынын Молдоваға ескертті. Қазан айында "Газпром" мен "Молдовагаз" газ жеткізу келісімшартын бес жылға ұзартты. Келісімдердің маңызды бөлігі Молдованың қазіргі газ төлемдерін уақытылы төлеуіне қатысты болды, бірақ 22 қарашада төлем түспеді, деп атап өтті ресейлік газ холдингі.

Әңгіме қазан айында тұтынылған газдың ақысы мен қараша айының алдын ала төлемін қосқанда шығатын 74 миллион доллар жайында болып отыр. Молдова вице-премьері Андрей Спынудың айтуынша, бұл қаражат табылған және жақын арада "Молдовагаздың" есепшотына аударылады. Алайда бұл шешімді ел парламентінің депутаттары шұғыл мақұлдауы керек. Спыну сонымен қатар "Газпром" басшысы Алексей Миллерге газ ақысының кешігу себебін түсіндіріп, бір-екі күнге кешіктіруді сұрауды жоспарлаған.