Өңірлер

Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары екінші күн жарықсыз отыр – видео

Таңертең әкімдік қызметкерлері желідегі ақаудың себебін анықтау жұмыстары 27 сағаттан бері жалғасып хатқанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғындары жарықсыз отыр.

Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, электр энергиясы 23 қарашаға қараған түні "Ильинка" подстанциясының бірінші блогінен сөніп қалды.

"Желіне іске қосу кезінде ол қайта сөнді. Шақыртылған екі зертхана да себепті анықтай алмайды. "Астана РЭК"-тің үшінші зертханасы шақыртылды", - дейді әкімдіктегілер.

Таңертең әкімдік қызметкерлері желідегі ақаудың себебін анықтау жұмыстары 27 сағаттан бері жалғасып хатқанын хабарлады. Нәтижесінде ақау анықталып, оны қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Алдағы екі-үш сағатта жарық қосылуға тиіс.

Әлеуметтік желіде ауыл тұрғындары Караөткелде апатты сөндірулер жиі болып тұратынын жазды. Мұндай кезде үйлерде жарықпен бірге жылыту жүйесі де істен шығады.

"Жарық қашан қосылады. Суықтан тоңып отырмыз, бізді қойшы, үйде бесіктегі бала бар", "су жоқ, жарық жоқ, бұл не мазақ" деп жазып жатыр тұрғындар.

Оқи отырыңыз: