Өңірлер

23 қарашадан бастап қандай жолдар ақылы болады

Ұлттық компанияның мәліметінше, ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. 23 қарашадан бастап 4 жолақтан тұратын бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады, деп хабарлады "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Бүгіннен бастап ақылы болатын жолдар:

  • Нұр-Сұлтан - Павлодар;
  • Қапшағай - Талдықорған;
  • Тараз - Қайнар;
  • Шымкент - Тараз;
  • Шымкент - Қызылорда;
  • Шымкент - Ташкент;
  • Щучинск - Көкшетау. 

"Аталған учаскелерде ақылылықты енгізу туралы бұйрық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және осы жылдың 23 қарашасында заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады", - делінген хабарламада.  

Ұлттық компанияның мәліметінше, ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

"Қапшағай – Талдықорған", 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.

"Тараз – Қайнар", 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ ауылы), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.

"Шымкент – Қызылорда", 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан ауылы); Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

"Шымкент – Тараз", 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат ауылы), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.

"Шымкент – Өзбекстан" шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.

"Нұр-Сұлтан – Павлодар", 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды ауылы), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.

"Нұр-Сұлтан – Павлодар", 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет ауылы.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.

Оқи отырыңыз: