НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келгенін атап өтті.
"Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер", - деді Цой үкімет отырысында.
Айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі.
Сондай-ақ ол халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатқанын да айтты.
Қазіргі таңда 1-компонентті 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы халық санының 42,2%-і вакцинаның екі дозасын салғызды.
Оқи отырыңыз: