Фото

Ғаламшардағы экологиялық проблемалар: 15 әсерлі фото

Sputnik

Фотографтар адамзаттың назарын Жер ғаламшарындағы экологиялық проблемаларға аударды.

Environmental Photographer Of The Year байқауы осымен он төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әділ қазылар алқасы бүкіл әлемнен экология тақырыбына жиналған суреттердің арасынан ең үздігін таңдау үшін үлкен жұмыс атқарды.

Бұл жолы фотобайқау жеңімпазы атағы испан фотографы Антонио Арагон Ренунциоға бұйырды. Ол Ганадағы жағажайда қираған үйдің ортасында жатқан баланы түсіріп алған. Сурет Батыс Африка елдерінде су деңгейінің көтерілуі проблемасын қозғайды. Судың тасуынан мыңдаған адам өз үйін тастап қашуға мәжбүр.

Байқауға қатысқан авторлар өз суреттерін жариялау арқылы адамдарды қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге шақырды.

Биыл байқауға 120-дан астам елден 7 мыңға жуық өтінім түскен.

Экология тақырыбындағы үздік суреттер мен климат өзгерісінің адамзат өміріне қалай әсер ететінін Sputnik фото топтамасынан көріңіз.

1 / 15
"Сыновья начавшегося прилива" деп аталатын фото байқау жеңімпазы атанды. Суретте Ганадағы жағажайда мұхит суының тасуынан қираған үйдің ортасында жатқан ұл бала бейнеленген
2 / 15
Фотограф Селия Куялдің Мексикада балық қармағына түсіп қалған теңіз мысығы бейнеленген суреті.
3 / 15
Жас авторлар арасында үздік атанған үнді фотографы Амаан Алидің "Инферно" атты фотосы. Ол Нью-Делиде өз үйінің маңында орман өртін сөндіріп жатқан баланы түсіріп алған.
4 / 15
Гавриил Григоровтың бұл фотосында "Умка-2021" арктикалық экспедициясы қатысушылары көрсетілген. Олар Франц-Иосиф жері архипелагындағы аралдардың бірінде ақ аюлар популяциясын есепке алу бағдарламасы аясында ақ аюдың салмағын өлшеп жатыр.
5 / 15
"Тірі қалғандар" суреті. Бір отар қой құрғақшылықтан жарылып кеткен жерден шөп іздеп айналып жүр. Бангладеш фотографы Ашрафул Ислам "Табандылығы үшін" номинациясында жеңіске жетті.

6 / 15
Кенияда Кевин Оньянго түсірген "Соңғы дем" суреті. Бұл көрініс байқау көрермендері мен әділ қазыларда ерекше әсер қалдырды. Фотода өсімдіктен оттегі жұтып тұрған бала бейнеленген, оның артында құмды дауыл соғып тұр.
7 / 15
"Топан су" фотосы "Болашақтағы тіршілік ортасы" номинациясында үздік деп танылды. Суретте – Италиядағы Панаро өзенінің тасыған сәті.
8 / 15
"Жұмысбасты ана" суреті. Әйел кішкентай баласымен арнайы бағанада балық кептіріп жатыр. Авторы – Бангладеш фотографы Рибен Дхар.
9 / 15
Байқау финалисі Джей Хуангтің "Шөлдегі собор" фотографиясы.
10 / 15
Байқау финалисі Субрата Дейдің "Пластикке көмілген қоршаған орта" фотосы. Суретте: пластик бөтелкелерді қайта өңдеу зауытында жүрген бала.
11 / 15
Елена Пахалюктің Қырымдағы лай-батпақты жанартау түсірілген "Сурья" суреті. Автор жаһандық жылыну біртіндеп осындай жанартаулардың жойылуына әкеп соғады дейді.
12 / 15
Симоне Трамонтенің бұл суретінен фотобиореактор — хлорелла, спирулина және өзге де фотосинтезделетін микробалдырларды өсіруге арналған құрылғыны көресіздер.
13 / 15
Үнді фотографы Сандипани Чаттопадхьяйдың "Жасыл тосқауыл" фотосы. Кадрда – Дамодар өзеніндегі балдырлардың гүлдеуі. Автордың айтуынша, өзендегі тірі организмдер оттегі жетіспеуінен өліп жатыр.
14 / 15
Бангладеш фотографы Зиаул Хукенің "Қатерлі саяхат" суреті: бала қаланың әр түкпірінен пластик жинап, сату үшін фабрикаға апарады.
15 / 15
"Теңіз ортасының ластануы". Фотограф Нгуен Дуй Синх түсірген. Суретте: жағажай маңында орналасқан тоғандардан құралған аквамәдениет.