Өңірлер

Мал суармақ болған Аралдың 62 жастағы тұрғыны суға батып кетті

Оның өліміне мұздың ойылып кетуі себеп болған. Құтқарушылар қай жерде болсын қауіпсіздікке баса мән беруге шақырып отыр
Sputnik

ҚЫЗЫЛОРДА, 22 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында мал суаруға барған тұрғын суға батып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйнесек, оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болған. 62 жастағы азамат ауылдағы "Жасұлан" каналына мал суаруға барған. Сол кезде мұз ойылып кетіп, әлгі адам суға батып кеткен. Тұрғындар судан тек оның денесін шығарып алған. Бұл оқиға төтенше жағдайлар қызметі мен полицияға кейіннен хабарланған.

"Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүрген кезде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет", – дейді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Оқи отырыңыз: