Денсаулық

Қандай әдеттер қартаюды баяулатады

Күнделікті рациондағы қант мөлшерін азайтса, қартаю процесін баяулатуға болады, дейді мамандар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Британдық сарапшылар қартаюды баяулататын үш нәрсені атады, деп хабарлайды Daily Express.

Біріншіден, тұтынатын қанттың мөлшерін бақылап отыру қажет. Оны жеміс шыбындарына жасалған зерттеу де растап отыр. Ол жәндіктер қантты көп жейді, сол себепті аз өмір сүреді.

Сондықтан мерзімінен бұрын өледі.

"Ал адам қантты көп тұтынса диабет сияқты жүрек-қан тамыр аурулары туындайды. Сол себепті күнделікті рациондағы қант мөлшерін азайтса, қартаю процесін баяулатуға болады. Метаболизм де қалпына келеді, жалпы, денсаулық жақсарады", - дейді мамандар.

Екіншіден, ресвератролды қабылдап отырған жөн. Дәл осы антиоксидант қызыл жүзімде, қаражидекте, жержаңғақта және тұт ағашында болады.

Ресвератрол қартаюды баяулатады және жасушалардың өмір сүру қабілетін күшейтеді. Оны ашытқы мен тышқандарға жасалған зерттеу растап отыр.

Олар табиғи фитоалексин "SIRT1" деп аталатын "ұзақ өмір сүру генін" іске қосып отырады. Ресвератролдың тағы бір пайдасы - гипертония, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пен инсулинге деген жоғары сезімталдықтан қорғау қасиеті бар.

Қартаюды баяулататын үшінші фактор - D3 дәрумені. Оның мөлшері аз болса, жүрек-қан тамыр аурулары, қатерлі ісік, инфекциялар, сондай-ақ, когнитивті функциялар, депрессия, остеопороз, гипертония мен екінші санаттағы диабеттің қаупі жоғарылайды.

Таза ауада денеге күн сәулесі түскенде адам ағзасында D дәрумені бөлінеді. Бірақ қарашадан бастап наурызға дейін күн қысқарады. Сол себепті D3-тің қосымша дозасы керек. Бірақ оның мөлшерін дәрігермен кеңесіп алған жөн.

Оқи отырыңыз: