НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Алматы облысында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Алматы облысында 20 қараша күні сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолда көрудің нашарлауы) "Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.