Фото

Дрон-такси мегаполистегі кептелісті қалай айналып өтеді – фото

Sputnik

Қаладағы кептеліс – барлық ірі қаланың қасіреті. Олардың әрқайсы оны өзінше шешіп жатады. Бір қалада метро ұзартылса, бір жерде жеңіл рельсті көлік іске қосылады және қоғамдық көлік үшін арнайы жолақтар бөлінеді. Ал енді бірі арнайы авиатакси паркін іске қосады.

Оңтүстік Корея астанасында келешекте қоғамдық көлік түрінің біріне айналуға қабілетті жаңа Volocopter 2x ұшқышсыз ұшқышының тұсаукесері өтті. Сеул әкімшілігі әзірлеген "Жол картасы" бойынша қалада әуе көлігі 2025 жылы іске қосу жоспарланған.

Таксидің алғашқы үлгісі былтыр ұсынылды. Содан кейін жолаушыларды әуе арқылы тасымалдауға қабілетті ұшқыш Оңтүстік Корея астанасында көкке көтерілді.

Биыл қала билігінің назарына қашықтан басқару режимінде, сондай-ақ қолмен басқаруға болатын екі орындық аэротакси ұсынылды. Көлік электр қозғалтқышымен жабдықталған. Сондықтан шығарынды болмайды.

Сондай-ақ іс-шарада қалалық әуе көлігін бақылауға арналған жүйелер және дрондар қонатын және ұшырылатын порттарға арналған патенттелген жарықтандыру жүйесі көрсетілді.

Оңтүстік Кореяның көлік министрлігінің бағалауы бойынша, 30-50 шақырым қашықтықтағы әуе қызметтері жол жүру уақытын 20 минутқа дейін қысқартады. Ал автокөлік бұл шақырымды бір сағат жүріп өтеді.

Инчхон халықаралық әуежайынан астана орталығына сапар 93 доллар болуы мүмкін. Бұл такси бағасынан қымбат, бірақ Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі 2035 жылы көлік нарығы жетіле бастаған кезде баға шамамен 17 долларға дейін төмендейді деп отыр.

1 / 8
Оңтүстік Корея астанасында Gimpo әуежайында дрон-такси көрсетілді. Көлік электр қозғалтқышымен жабдықталған, сондықтан шығарынды болмайды
2 / 8
Көлік министрі Но Хен Ук таксиге шақырту түскен кезде дрон қалалық әуе көлігін бақылау жүйесінің (UAM) арқасында ұшқышсыз режимде қозғала алатынын айтты. Алайда таксиде жолаушы болса, оны ұшқыш басқарады
3 / 8
Оңтүстік Кореяда 2025 жылдан бастап негізгі әуежайлар мен Сеул орталығы арасында такси режимінде жұмыс істейтін қалалық әуе көліктері таныстырылды. Екі-бес адам міне алатын дрон қашықтан да, тікелей ұшқыш арқылы да басқарылады
4 / 8
Әуе таксиі тік көтеріліп, тікұшақ секілді қонады. Жобаны Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі әзірледі. Әуе таксиі төрт жылдан кейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр
5 / 8
Мұндай дрондар халықаралық әуежайдан Сеулдің орталығына қарай жүреді. Бастапқыда мұндай сапардың құны шамамен 100 долларды құрайды, бірақ сапар уақытын үш есе қысқартады – 60-тан 20 минутқа дейін
6 / 8
Сеул әуежайында дрон-таксиге арналған арнайы қону алаңдарын жабдықтау жоспарланған
7 / 8
Дрон жерден 50 метр деңгейінде ұшады. Ұшу қауіпсіздігін кореялық инженерлер арнайы жасаған жүйе бақылайды, ол жолаушылар мен курьерлік дрондардың қозғалысын бақылап отырады
8 / 8
Алғаш рет жолаушылар дроны Сеулде 2020 жылы сынақтан өтті