Фото

Алматыға барған президент қандай нысандарды аралады – фото

Sputnik

Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға президент әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты.

Жиын кезінде мемлекет басшысы айтқан өзекті міндет – ұлттық қор нарығын дамыту. Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет.

"Отандық қор нарығы үшін 2022 жылы жекелеген ұлттық компаниялардың Халық IPO бағдарламасына енуі маңызды оқиға болмақ. Агенттік пен Ұлттық банк Самұрық-Қазына мен Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа белсенді түрде атсалысуы қажет", – деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматыда жаңадан ашылған әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды. Нысанды мемлекет басшысына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

Сапар барысында президент 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өзі оқыған сыныпқа кірді. Қазіргі уақытта бұл кабинетте француз тілі оқытылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1970 жылы 10 "В" сыныбының атынан өзі жазған хат көрсетілді. Бұл хат уақыт капсуласына салынып, мектеп қабырғасына қаланған екен.

"Біздің атқарған ісіміз аз емес, дегенмен әлі де жұмыс көп. Біз 10-сыныпты жақсы бітіруге уәде береміз. Институтқа түсу емтихандарын жақсы тапсыруға уәде береміз. Ал оны бітірген соң жұмыс істейміз. 2017 жылы 64-65 жасқа толған кезімізде сіздердің көздеріңізге тік қарауға ұялмайтындай болып келуге уәде береміз", деп жазылған хатта.

Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

1 / 14
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Президенттің жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды
2 / 14
Жиын кезінде мемлекет басшысы айтқан өзекті міндет – ұлттық қор нарығын дамыту. Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет
3 / 14
Мемлекет басшысы Алматыда жаңадан ашылған әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды. Нысанды президентке қала әкімі Бақытжан Сағынтаев таныстырды
4 / 14
Мемлекет басшысына мекеменің республика бойынша әзірге жалғыз әлеуметтік орын екені және осы тәжірибені ел көлемінде қолданысқа енгізу қарастырылып жатқаны жөнінде мәлімет берілді
5 / 14
Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тұрмыстық мәселелермен жүгінген азаматтарға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетеді
6 / 14
Президент 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды
7 / 14
Мемлекет басшысы заманауи интерактивті оқу құралдарымен жабдықталған кабинеттерді, акт залы мен мектеп кітапханасын аралап көрді
8 / 14
Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өзі оқыған сыныпқа кірді. Қазіргі уақытта бұл кабинетте француз тілі оқытылады
9 / 14
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1970 жылы 10 "В" сыныбының атынан өзі жазған хат көрсетілді. Бұл хат уақыт капсуласына салынып, мектеп қабырғасына қаланған екен
10 / 14
"Біздің атқарған ісіміз аз емес, дегенмен әлі де жұмыс көп. Біз 10-сыныпты жақсы бітіруге уәде береміз. Институтқа түсу емтихандарын жақсы тапсыруға уәде береміз. Ал оны бітірген соң жұмыс істейміз. 2017 жылы 64-65 жасқа толған кезімізде сіздердің көздеріңізге тік қарауға ұялмайтындай болып келуге уәде береміз", деп жазылған хатта
11 / 14
Дәстүрді жалғастырған 11-сынып оқушылары мемлекет басшысымен бірге 2050 жылға арналған хатты уақыт капсуласына салып, мектеп қабырғасына қойды
12 / 14
Содан кейін президент мектеп кітапханасындағы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды
13 / 14
Қасым-Жомарт Тоқаев Айтқали Жақұтов атындағы екінші жылу электр станциясында да болды
14 / 14
Шара соңында президент ЖЭО-2 жұмысшыларымен әңгімелесіп, естелік суретке түсті