Осыдан тура 80 жыл бұрын Ұлы Отан соғысына бүкіл Кеңес халқы, соның ішінде Қазақстан да жұмылдырылды. КСРО қорғаныс министрлігі бас штабының директивасына сәйкес Алматыда 316-шы дивизия құрылды. Бішкекте бір полк, Алматыда екі полк құрылды. 14-15 қазанда фашистік басқыншылармен алғашқы шайқастар өтті.
"16 қарашада біздің батырларымыз – 28-панфиловшылар өздерінің ұмытылмас ерліктерін жасады. 18 қарашада Мәскеу түбіндегі шайқаста бір ай бойы көрсеткен табандылығы үшін 316-атқыштар дивизиясы гвардия атағына ие болды және 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына қайта құрылды. Сол күні Гусенов ауылында дивизия командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфилов шайқаста қаза тапты", - деді Нұр-Сұлтан қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов.
Гүл қою рәсімінен кейін қонақтар мен іс-шараға қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты шараға Қазақстан қорғаныс министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің басшылығы, ЖОО әскери кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты.