F-35 апаты: "найзағайдың" негізгі кемшілігі қандай

АҚШ-та жасалған F-35 Lightning жойғыш ұшақтары өте қымбат болса да, техникалық жағдайы көңіл көншітпейді. Аспанға көтерілмей жатып, теңізге құлайды. Ал қатты жылдамдықта қаптауы түсіп жатады
Sputnik

Мәселен, 17 қарашада Ұлыбританияның әскери-теңіз күштерінің ВМС F-35B жойғыш ұшағы HMS Queen Elizabeth кемесінен көтеріліп, Гринвич бойынша сағат 10:00-де Жерорта теңізіне құлаған.

F-35B – ең қымбат модификациясы. Өйткені қысқа қашықтықта аспанға көтеріле алады. Бұдан бөлек, тік тұрып қонуға болады. Лондон теңізге құлаған ұшақ үшін 256 млн доллар төлеген. Ондай ақшаға сатып алынған су жаңа жойғыш теңізге құламайды. Бірақ бұл алғашқы апат емес. Бұған дейін дейін F-35 басқа елдерде құлаған.

Қазіргі кезде британдық кемелер F-35B-ның технологиялық құпияларын қорғап, жойғыш ұшақтың құлаған жерін күзетіп жүр. Бірақ басқалар ондай "олжаға" қатты қызықпайтын сияқты. Өйткені F-35B жойғыш ұшағының кемшін тұстары көп. Тым қымбат болғасын шетелде үлкен сұраныс жоқ.

Ұлыбританияның өзі бюджеттік шектеулерге байланысты F-35B тапсырысын айтарлықтай қысқартып отыр. Соның орнына F-35A жойғыш ұшақтарын алуға ұсыныс жасалды. Оның бағасы екі есе арзан, шамамен, 100 миллион долларды құрайды. Пайдалану жағынан да шығын көп шықпайды. Осы уақытқа дейін британдықтар F-35B-ның 24 данасын алды. Бас кезінде 138 жойғыш ұшақ сатып алынады деген жоспар болған. Қазіргі кезде оның саны 48-ге дейін қысқарды.

Бүгінде HMS Queen Elizabeth кемесінде Ұлыбританияның жеті F-35B жойғыш ұшағы, сондай-ақ, АҚШ теңіз әскерінің соған ұқсас он машинасы бар. Апаттан кейін ұшулар тоқтатылған жоқ. Ұшақ тасығыш кеме Тынық мұхиттан келе жатып, Жеорта теңізіне кірген. Сөйтіп, Ұлыбританияның жалауын желбіретін, Қытайға "қыр көрсетті". Бірақ даулы аралдарға жақындаған жоқ.

Бір апта бұрын HMS Queen Elizabeth Арабия теңізінде болып, Оман жеріндегі әскери оқу-жаттығуларға қолдау көрсеткен. Король флотының флагманы алғашқы алыс сапарын желтоқсанда аяқтайды.

Апат саны аз емес

АҚШ өз одақтастарына үнемі F-35 Lightning II-нің жарналап, ерекше қасиеттерін айтып отырады. Алайда апаттардың статистикасы осы санаттағы жойғыш ұшақтың сапасы төмен екенін көрсетіп отыр. Бұған дейін төрт ұшақ құлаған, тағы бесеуін "күтпеген жағдайлардан" кейін эксплуатациядан шығарып тастады.

Америкалықтар нақты себебін айтпайды. Бірақ статистика алдамайды.

2018 жылы 20 мамырда Флорида штатындағы Энглин әуе базасында F-35A жойғыш ұшағы қонайын деп жатқан жерге құлады. Сол жылы Оңтүстік Каролинаның Бофорт әуе базасында тағы бір F-35A апатқа ұшырады. 2019 жылы 9 сәуірде Жапонияның әскери-теңіз күштерінің F-35А ұшағы Мисава әуе базасынан 135 шақырым шалғай жерде Тынық мұхитқа құлаған. Оның себебі де белгісіз.

Ал АҚШ әскери-теңіз күштері F-35-ті 2014 жылдан бері пайдаланса да, жойғыш ұшақты көп сериялы өндіріске беруді ресми түрде мақұлдаған жоқ. Бұл дегеніміз, өз әскері ұшақтың техникалық дайындығы мен жауынгерлік қабілетін растамай отыр.

Негізі, F-35 жойғыш ұшағы қатты ұша алмайды. Ал дыбыстан асатын жылдамдықта қаптауы түсіп жатады. Кеме палубасынан да ауыр көтеріледі. Сол себепті жойғыш ұшақ орташа және жоғары қарқынды әскери іс-қимылдарға әлі дайын емес. Одан 300-ден астап конструктивті кемшілік табылған. Соның ішінде ұшқыштың өміріне қауіп төндіретін маңызды олқылықтар да бар.

Содан болар, бүгінде Еуропа өндірушілері америкалықтарды әуе техникасы нарығында ығыстыра бастады. Францияның екі моторлы Rafale жойғыш ұшағы Air 2030 тендерінде көш бастап тұр. Соның асында Швейцарияның әскери-теңіз күштеріне 7 миллиард долларға әскери ұшақтарды сатып алу жоспарланған. Rafale-дің бәсекелестері – америкалық F-35 Lightning II мен F-18E Super Hornet, сондай-ақ, британ-неміс-итальяндық Eurofighter. Бәлкім, осының салдарынан Франция Австралияға арналған атом сүңгуір қайықтарының құрылысына арналған ірі тапсырыстан айырылып қалды.

Еуропаны міндеттеп отыр ма

1,4 триллион долларға бағаланған Lockheed Martin жобасы күңгірт тартып бара жатыр. Америкалық мамандар бұны "ұлттық апатқа" теңеді.

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері F-35-ті жаппай сатып алуға асықпай отыр. Ал Еуропаға ондай жойғыш ұшақ жарайды деп, өз одақтастарына тықпалай келеді.

Бұған дейін НАТО әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Тод Уолтерс 2030 жылға қарай Еуропада F-35 жойғыш ұшақтарының 450 данасы шоғырланады деп мәлімдеген. Соның бәрі одақтастардың есебінен сатып алынады. Еуропадағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Джеффри Харригян да осы жоспарды растаған.

Пентагон "найзағайларды" мақұлдамаса да, F-35 жойғыш ұшақтары Ұлыбритания, Норвегия, Италия, Нидерланд пен Данияға сатылды. Алдағы уақытта Польша да олардың қатарына қосылмақ.

Әскери шолушы Александр Хроленконың https://t.me/AKhrolenko Telegram арнасына жазылыңыз.