Экономика

Алматы - Доха бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы жоспарланған болатын, алайда пандемияға байланысты тоқтатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. "Qatar Airways" әуе компаниясының Алматы-Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашты.

Аптасына 2 рейс Airbus А320 типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Борт сыйымдылығы - 132 орын (12 бизнес класс, 120 эконом класс). Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы 140-тан астам пункт болатын "Qatar Airways" әуе компаниясының бағыттар желісін пайдалана алады.

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы жоспарланған болатын, алайда пандемияға байланысты тоқтатылды.

Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа халықаралық бағыттар ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Qatar Airways" әуе компаниясы Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымының "Жыл әуе компаниясы" болып жарияланды.

Оқи отырыңыз: