Видео

"Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" флешмобын мемлекеттік күзет қызметі жалғастырды

Қазақстан республикасының мемлекеттік күзет қызметі президенттің телерадиокешенімен бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" атты патриоттық флешмобты жалғастырады
Sputnik

Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы – мемлекет басшысының, тұңғыш президент – елбасының, өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кадрда жас жеткіншектің аға буын өкілінен "Тәуелсіздік деген не" деген сұраққа жауап алуы көрсетілген. Сонымен қатар Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әні шырқалып, мемлекеттік күзет қызметкерлері өмірінен әсерлі кадрлар жарияланған.

Мемлекеттік күзет қызметі аса маңызды мемлекеттік әрі жауапты іс-шараларды атқарады. Эстафета Ұлттық қауіпсіздік комитетіне табысталды.

Оқи отырыңыз: "Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!" флешмобы басталды – видео