Саясат

Орталық Азияның тағдыры үшін Қазақстанға ерекше жауапкершілік жүктеледі – президент

Тоқаев Қазақстан экономикасы Орта Азиядағы басқа елдердің экономикасына қарағанда әлдеқайда қуатты екенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылығын нығайту аса маңызды міндет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайту – аса маңызды міндет. Біз осы аймақта ерекше мәртебеге ие екенімізді батыл мәлімдей білуге тиіспіз. Бұған толық негіз бар", - деді президент сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Тоқаев Қазақстан экономикасы Орта Азиядағы басқа елдердің экономикасына қарағанда әлдеқайда қуатты екенін атап өтті.

Қазақстан Еуразиядағы басты көлік дәліздері тоғысқан геостратегиялық орталықта тұр. Ауқымды экономикалық және демократиялық реформалар белсенді түрде жүзеге асуда. Зияткерлік және адами ресурсымыз бар. Халықаралық қауымдастықтың алдындағы абырой беделіміз жоғары, деп толықтырды президент.

"Осыған орай Орталық Азияның тағдыры үшін Қазақстанға ерекше жауапкершілік жүктеледі", - деді Тоқаев.

Сондықтан, оның айтуынша, өңірдегі өзекті мәселелерді айқындап, оны шешу кезінде Қазақстан маңызды рөл атқарады.

Оқи отырыңыз: