НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда 17 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, елдің екі облысы ғана "қызыл" аймақта тұр.
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.