Оқиға

Алматыда қоймада жойқын жарылыс болды – видео

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру көлігінің видео тіркеуішіне түсіп қалған кадрларды жариялады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. 16 қарашада кешке Алматыда қойма өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру көлігінің видео тіркеуішіне түсіп қалған кадрларды жариялады.

Қоймада газ баллондары болғандықтан жарылыс және өрттің көрші нысандарға таралу қаупі туындады.

"Өрт сөндіру барысында жанып жатқан қоймадан 50 және 25 литрлік газ баллондарының 11 бірлігі эвакуацияланды, өрт  20.05-те жойылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді департаменттегілер.

Өртті сөндіруге 18 бірлік техника, жеке құрамның 50 қызметкері жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: