Өңірлер

Қызылорда тұрғыны үйінде 4 келі марихуана сақтаған

Қылмыстық кодекстің  "Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Sputnik

ҚЫЗЫЛОРДА, 16 қараша – Sputnik. Қызылордада үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үйінде есірткі сақтаған тұрғынды Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

Қызылорда тұрғыны үйінде 4 келі марихуана сақтаған

Облыс көлемінде өтіп жатқан "Рефлекс" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Қызылорда тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер тауып, тәркілеген.

Полиция департаментіндегілердің айтуынша, сараптама жасалып, қорытындысы шыққан. Сараптама нәтижесіне сәйкес табылған шөптің жалпы салмағы 4 келіден астам кептірілген марихуана екені белгілі болды. 

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: