Экономика

Тоқаев "Лукойл" басшысын қабылдады

"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" компаниялары "Қаламқас-теңіз" жобасының негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі ірі "Қаламқас-теңіз" жобасының негізгі қағидаттары туралы келісімге "ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" компанияларының қол қойғаны, сондай-ақ "Хвалынское" кен орнының игерілуі жөнінде айтылды.

Қазақстан президенті еліміздің "Лукойл" компаниясымен серіктестігінің даму барысына көңілі толатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: