Фото

Күнтізбе кейіпкерлері - өрт сөндірушілер: жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады

Sputnik

Биылғы суреттер де интернетте кеңінен таралып кетті. Ал бұл сурет кейіпкерлері үшін ұтымды болып отыр. Себебі күнтізбе төңірегіндегі шу мен танымалдылық ақшаның көбірек түсуіне және жиналған қаражатты жануарларға көмек көрсетуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Осы жылы бүкіл әлемге танымал күнтізбенің бірнеше нұсқасы жарық көреді: классикалық күнтізбеде құтқарушылар өздері ғана суретке түссе, мысық, коала, күшік сынды жан-жануарлармен бірге түскен сүйкімді суреттері тағы бар.

Жануарлар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана салу бағдарламасына қолдау көрсету үшін күнтізбе 2022 жылы Greater Good Charities қайырымдылық ұйымдарымен бірікті.

Осы күнтізбеге онлайн тапсырыс беріп, қайырымдылыққа үлес қосуға болады. Барлық қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалады.

Әзірше австралиялық құтқарушылардың желіні шулатып жатқан суреттерін біздің топтамадан тамашалай аласыз.

1 / 12
Австралиялық құтқарушылардың жартылай жалаңаш суреті бейнеленген күнтізбе қазір әлемде кеңінен танымал. 2022 жылы австралиялықтар күнтізбе түрін классикалық, жазғы, мысық-итпен, жылқы немесе басқа да экзотикалық жануармен түскен сурет ретінде түрлендіре түсті.
2 / 12
1993 жылдан бері Австралиядағы қалалық, ауылдық, авиация, қарулы күштер немесе корпоративті өрт сөндіру қызметіндегі құтқарушылар есте қалатындай күнтізбе дайындау үшін бас қосады. Бірнеше аптаға созылған түсірілімнен кейін олардың суреттері жыл сайынғы күнтізбеге топтастырылады. Бұл күнтізбе бүкіл әлем бойынша жоғары тиражбен таратылады.
3 / 12
Құтқарушылар күнтізбесі алғаш шыққан уақыттан бері бүкіл Австралия бойынша түрлі қайырымдылық ұйымға үш миллион доллардан астам қаражат ұсынған.
4 / 12
Австралиялық өрт сөндірушілер күнтізбесі қайырымдылықты насихаттап, адамдарды спортпен айналысуға және қорғансыз жануарларға көмектесуге шақырады.
5 / 12
Отыз жылға жуық уақыттан бері Австралиядағы батыл құтқарушылар күнтізбе сатылымынан түскен қаражатты қайырымдылыққа жолдап келеді.
6 / 12
Күнтізбенің сымбатты кейіпкерлері жыл сайын жоғары кәсіби маманның қадағалауымен түрлі бейнеде суретке түседі.
7 / 12
Дене бітімінде мін жоқ ер-жігіттер күнтізбе арқылы салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Бүгінде бүкіл әлемде құтқарушылардың табынушылары қалыптасып үлгерген.
8 / 12
Мұның барлығы игі мақсатта жасалуда: күнтізбе сатылымынан түскен барлық қаражат тек қайырымдылыққа жұмсалады.
9 / 12
Австралиялық құтқарушылар балалар госпиталіне қолдау көрсету мақсатында 1993 жылы алғаш рет суретке түскен. Кейіннен басқа да мұқтаждарға көмектесу үшін бұл шара дәстүрге айналды.
10 / 12
Олар әсіресе жан-жануарларға белсенді көмектесу арқылы Австралия фаунасына қамқорлық танытып отыр.
11 / 12
29 жыл ішінде The Australian Firefighters Calendar жобасы түрлі қайырымдылық шарасы үшін үш миллион доллардан астам қаражат жинады.
12 / 12
Күнтізбе сатып алу арқылы қайырымдылыққа үлес қосатыныңызды ұмытпаңыз.