Әлем

АҚШ-та штат мэрі әйелді құтқарып қалған қазақ жігітіне ерекше алғыс білдірді

Америкадағы Гавайи штатының билігі әйел адамды суицидтен аман алып қалған Ақжан Аңсағановты ерекше әдіспен марапаттады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. 28 жастағы Ақжан Аңсағанов америкалық әйелді ажалдан арашалап қалды.

Отандасымыздың батыл әрекеті туралы АҚШ-та тұратын журналист Талғат Алман өз Instagram парақшасында хабарлады.

Талғат Алман жариялаған видеода отандасымыз Ақжан мен басқа да куәгерлер суицидке жасамақ болған әйелді сабырға шақырып отыр. Видео авторы америкалықты құтқарып қалған қазақ жігітімен сол күні танысқанын айтты.

"Бірнеше күн бұрын Ақжанмен таныстым. Ол расында да батыр деген атқа әбден лайық. 2 қарашада Шығыс Қазақстан облысының тумасы өз  шаруасымен кетіп бара жатып, суицид жасамақ болған әйелді бірінші болып байқап қалған. Біздің отандасымыз тез әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды", - деп жазды Талғат.

Гавайи штатының мэрі батыл әрекеті үшін қазақстандыққа алғыс білдіріп, 8 қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағанов күні деп атаған.

Ақжан Шығыс Қазақстанда облысындғы Теректі ауылында дүниеге келген. АҚШ-та тұрып жатқанына бес жыл болған.

Ол Америка инвестициялық компаниясының Орталық Азиядағы (Central Asia advisor to American Investment company) басшысының кеңесшісі болып қызмет атқарады.