Спорт

Серік Сәпиевтің орнына спорт істері комитетіне жаңа басшы келді

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін Самат Ерғалиев Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Самат Ерғалиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Серік Сәпиевтің орнына спорт істері комитетіне жаңа басшы келді

2018-2020 жылдары "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры болды.

2020 жылдың сәуір-қараша аралығында "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы болды.

2020 жылдың қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы болды.

Бұған дейін комитетті қазақстандық спортшы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарған. 2021 жылдың қазанында ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды.

Кейін Сәпиев Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істейтінін хабарлады.