Қоғам

Полиция көлік жүргізушілерін жасырын бақылайды

Бейнетіркеуіш құралдарының арнайы куәлігі бар. Соның көмегімен тәртіп бұзу фактілері анықталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полициясы жол ережесін бұзу фактілері жасырын түрде тіркелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде "Қауіпсіз жол" шұғыл алдын алу шарасы өтіп жатыр. Соның аясында дүйсенбі, 15 қарашадан бастап Орал қаласының көшелеріне жасырын патрульдер шығады. Ол көліктердің арнайы белгілері де, шамдары да болмайды. Ал салонның ішінде бейнебақылау құрылғысы тұрады. Сол арқылы ол ережесін бұзатын көлік жүргізушілері жасырын анықталады.

"Бейнетіркеуіш құралдарының арнайы куәлігі бар. Соның көмегімен тәртіп бұзу фактілері анықталады", - дейді полицейлер.

Бірақ департамент мамандары көшеге неше жасырын патруль шығатынын нақтылаған жоқ.

Айта кетері, екі аптада жол ережесін бұзудың 25 фактісі тіркелген. Соның ішінде екі көлік жүргізушісі тәртіпті жиі бұзған. Мәселен, біреуі жылдамдық режимін 52 рет асырып, 700 мың теңгенің айыппұлын арқалады.

Ал тағы бір жүргізуші жол ережесін 84 рет бұзды. Оған 1 миллион 200 мың теңгенің айыппұлы салынды.