АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетері, 15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні. Ол айналымға осыдан 28 жыл бұрын, 1993 жылы енгізілді.
Оқи отырыңыз: Ұлттық валюта күні: теңгеге 28 жыл толды
1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.