Өңірлер

Семейде жігіт көпірден секіріп кетті

Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Семейде ер адам көпірден секіріп, көз жұмды. Полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Семей қаласы полиция басқармасына 15 қараша күні Тұрлыханов көшесіндегі аспалы көпірден жігіт секіріп кеткені туралы хабарлама түскен.

"Бұл факті бойынша Семей ПБ орталық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілмейді.

Оқи отырыңыз: