НҰР-СҰЛТАН, 14 ҚАРАША – Sputnik. Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Франциядан 0:8 есебімен жеңілген ұлттық құраманы сынап тастады. Кездесу Әлем чемпионаты-2022-ге іріктеу аясында өткен болатын.
"Қазақстандағы футбол - жез...шелер сияқты, пайдасы жоқ, бірақ ақша төленіп жатыр... Шалдар отыр, оларға пайдалы іспен айналысып, жастарға орын беретін кез келді. Сол ақшаны науқастар мен мұқтаж адамдарға берген дұрыс", – деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.
Қазақстанды жеңген Франция құрамасы турнирдің финалдық бөлігіне өтуге мүмкіндік алды. Команда жеті матчта 15 ұпай жинап, D тобының турнирлік кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Үш ұпай жинаған Қазақстан соңғы бесінші орында.
Парижде өткен әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан футбол құрамасы 0:8 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл құрама тарихындағы ең үлкен жеңіліс. Бұған дейін қазақстандықтар 0:6 есебімен Түркия және Ресей құрамаларынан жеңілді. 2005 жылдың 8 маусымында Алматыда өткен Әлем чемпионаты-2006 іріктеу турнирінде түріктерден, 2008 жылы 23 мамырда жолдастық матчта ресейліктерден ұтылды.
Қазақстан құрамасының келесі матчы 16 қарашада Тәжікстан командасымен өтеді. Жолдастық кездесу "Астана Арена" стадионында болады.