Елорда тынысы

Полиция Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында болған төбелеске қатысты ақпарат берді

Тәртіп сақшылары мұндай бұзақылық үшін ірі көлемдегі айыппұл ғана емес, бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылғанын ескертті
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 қараша — Sputnik. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің қызметкерлері "Керуен" сауда орталығында 19 жастағы жігітті соққыға жыққан ер адамды ұстады, деп хабарлады Рolisia.kz.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр ", - деді астаналық полицияда.

Тәртіп сақшылары мұндай бұзақылық үшін ірі көлемдегі айыппұл ғана емес, бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылғанын ескертті. 

Оқиға 9 қарашада сағат кешкі тоғыз жарым кезінде "Керуен" сауда орталығы маңында болған.

17 жастағы екі бойжеткенге бейтаныс ер адамдар қырындаған. Қыздардың бірі ағасына хабарласып, көмек сұрады. Қарындасына көмекке келген жігітті соққыға жықты.