НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Елордада Pfizer препараты қандай пунктерде қойылатыны белгілі болды.
Астаналық қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сәйкес, Pfizer-ді салу 15 қарашадан басталады.
"Қаланың медициналық ұйымдарында егу пунктері ұйымдастырылады. Жасөспірімдер вакцинаны мектепте салдыра алады. Алайда жүкті, емізулі баласы бар әйелдерді, балаларды вакциналауға барлық медициналық ұйым қатыспайды", - деді астаналық басқармада.
Қоғамдық денсаулық басқармасы Pfizer вакцинасын салатын медициналық ұйымдардың тізімін ұсынды:
- №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханалар;
- "Достық" отбасы денсаулығы орталығы;
- "Жанұя" ЖШС;
- "Салауатты Астана";
- "Кировская";
- "Шипагер" (барлық филиалы).
Тиісті дозалар ұйымдарға үйлестірілді. 12-17 жас аралығындағы балалар (ата-ана рұқсатымен), аяғы ауыр әйелдер мен емізулі баласы бар келіншектер вакцина салдыра алады.
Елордаға Pfizer-дің алғашқы партиясы 35 мың доза көлемінде жетті.