НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. "Қазақстан аруы-2021" атағына үміткерлер салтанатты көйлектерді киіп көрді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Қазақстан Аруы/ Мисс Казахстан (@misskazakhstan_official)
Сұлуларға арналған ұзын көйлектер кестемен, шынылы әшекеймен және сүйретпе етекпен безендірілген. Қыздар айнаның алдында шын ықыласпен сыланып-сипанды.
Кеш көйлектерінен бөлек, қыздар фотосессия жасау үшін фотокамераның алдына спорт киімімен тұрды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Қазақстан Аруы/ Мисс Казахстан (@misskazakhstan_official)
Байқаудың финалы 16 қарашада өтеді. Жеңімпаз "Әлем аруы-2021" байқауында Қазақстан Республикасының атынан шығады.
Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі сұлулық байқауының ақпараттық серіктесі болды. Іріктеуден өте алмаған, бірақ "Таланттар шоуы" байқауында жеңімпаз атанған қатысушылардың бірі 19 жастағы Полина Филимонова редакцияның шешімімен байқауға қатысу құқығын алды. Өскемендік үміткер Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін қазақ тілінде шырқады.
Өткен жылы "Қазақстан аруы-2020" сұлулық байқауы коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды.
"Қазақстан аруы-2019" (Miss Qazaqstan 2019) 22-ші ұлттық сұлулық байқауы 2019 жылдың 2 мамырында Нұр-Сұлтан қаласындағы Nomad City Hall ғимаратында өтті. Байқауда Павлодар қаласының өкілі Мәдина Батық жеңімпаз атанды.