Оқиға

Екі КамАЗ-дың арасында қалған: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды – видео

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Рысқұлов пен Оңғарсынов көшелерінің қиылысында болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Алматыда ер адам екі КамАз көлігінің ортасында қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция депаратментіне сілтеме жасап.

Ер адам сынып қалған жүк көлігін жөндеуге көмектесіп жүрген. Сол кезде тағы бір КамАЗ қатты жылдамдықпен жолда тұрған көліктің артына соғылған. 

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Рысқұлов пен Оңғарсынов көшелерінің қиылысында болды.

Құм тиелген КамАЗ сынып қалып, жолдың бойында тұрған. Ал жүргізуші техникалық көмекті күтіп отырды. Оған бір адам көмектесіп жүрген.

"Осы кезде тағы бір КамАЗ қатты жылдамдықпен келіп, жолда тұрған көліктің артынан соғылған. Жүк көлігін жөндеуге көмектесіп жүрген ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соққан жол оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: