Елорда тынысы

Депутат астаналық студенттер үшін жол ақысына жеңілдік енгізуді ұсынды

Елорда мәслихаты үш жылдық бюджет жобасын талқылап жатыр. Нұр-Сұлтанның бас қаржы құжаты аясында депутаттар түрлі бастамалар ұсынуда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша — Sputnik. Елордалық мәслихат депутаты Бақдәулет Жанділдаев студенттер үшін қалалық қоғамдық көлікте жүру ақысына 50% жеңілдік енгізуді ұсынды.

Депутат өз бастамасы туралы мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында баяндады.

"Елордадағы студенттер үшін қалалық бағдарлы автобустарда жүру ақысына 50% жеңілдік енгізу мәселесін көтердім. Мәслихат хатшысы Ерлан Ермекұлы (Қанәлімов – Sputnik) жауапты мемлекеттік органдарға осы мәселені қарастырып, есеп жүргізу және шешім жолдарын анықтау бойынша тапсырма берді", - деп жазды депутат.

Біраз бұрын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев депутаттарға 2026 жылға дейінгі елорданы дамытудың үш жылдық бюджет параметрлері туралы ақпарат ұсынды.

Болжам бойынша 2021 жылға бекітілген бюджетпен салыстырғанда 2022 жылы кірістер 18,5%-ке өсіп, 391 046,8 миллион теңгені құрайды. 2023 жылға бюджеттің меншікті түсімдерінің болжамы (азаматтарға пәтер сатудан түсетін кірістерді есепке алмағанда) 2022 жылғы болжаммен салыстырғанда 8,1% өсімімен 416 0470,9 миллион теңге көлемінде айқындалды.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың шығындарына үш жылдық кезеңге 1 миллиард 766,9 миллион теңге қарастырылған.