Қоғам

Ресейлік тіркеудегі көлікті пайдалану мәселелері бойынша Call-орталықтар ашылды

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде шетелде тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты.

Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына, сондай-ақ азаматтарға министрліктің есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеру ыңғайлы болуы үшін байланыс телефондарын құрды.

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

"Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ішкі істер министрлігі сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты", – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: