Әлем

Дәрігер нанды мүлде жемесе не болатынын айтты

Эндокринолог наннан бас тартқан адамның ішегінде патогенді бактериялардың өсуі баяулайтынын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Диетолог және эндокринолог Алена Барредо нанның бүкіл түрінен бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның айтуынша, нан – көмірсу алмасуға теріс әсер етіп, инсулинорезистенттік шақыратын жылдам көмірсу.

"Мүлде нан жемейтін адамда инсулин мен глюкоза азайып, көмірсу мен липид алмасу қалпына келеді. Сондай-ақ триглицеридтер (майлар) мен жаман холестерин төмендейді. Ішекте патогенді бактериялар мен саңырауқұлақшалардың өсуі баяулайды", - деп мәлімдеді дәрігер.

Сондай-ақ Барредо кебек пен жасұнығы бар тұтас дәнді нан ең пайдалы өнім саналатынын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Дәрігер ыстық шай несімен зиян екенін айтты

Маман ерлер денсаулығы үшін маңызды өнімді атады