Фото

Қырғызстанға саяхат: алғашқы бірлескен этнографиялық экспедиция – фото

Sputnik

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия мен Ресей ғалымдары жиналды.

Қырғызстанға саяхат алғашқы бірлескен этнографиялық экспедицияға айналды. Зерттеушілер 16 ауыл мен қоныста болып, ұлттық киіз кілемдер дайындайтын шеберханалардағы жұмыстарды көріп, көне эпосты жатқа айтатын дастаншылармен танысып қайтты.

Шараны ұйымдастырушылар – Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-ағартушылық орталығының (АлтМУ "Үлкен Алтай" ҒАО) Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен, Б.Жамгершінов атындағы тарих, археология және этнология институтымен, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп дайындаған суреттер топтамасынан экспедицияның ең әсірелі сәттерін тамашалаңыздар.

Түркі халқы арғы тегі көшпенділер өркениетіне кететін терең тарихи-мәдени байланысы бар қоғам.

"Үлкен Алтайда түркі халықтары қалыптасып, түрлі мәдениет етене араласып, соның нәтижесінде осы халықтардың қазіргі тыныс-тіршілігінде – салт-дәстүрінде, ас-ауқатында, отбасылық қарым-қатынасында, мемлекеттік басқару нысанында ортақ ұқсастықтар бар. Бұл қырғыз, алтайлық, қазақ, Сібір тұрғынын туыстай жақын етіп отыр", - деді "Үлкен Алтай" ҒАО жетекшісі, АлтМУ президенті Сергей Землюков.

Түркі халықтарының мал шаруашылығы ортақ мәдени-генетикалық қормен байланысты. Әртүрлі мал-жануардың үлкен табынын асырауға негізделген дәстүр бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басында этнографиялық сипаттамалардан белгілі болған дәстүрлі тамақтану жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қырғызстан Республикасының солтүстік өңірлері – Ыстықкөл және Нарын облыстарында мал шаруашылығымен айналысатындар өте көп. Биік таудағы жайылымдар мен жайлаулар Қырғызстан мен іргелес жатқан өңірлерді ет және сүт өнімдер.

Мұнда мал да киіз дайындау үшін қолданылатын жүннің көзі. Ол күні бүгінге дейін түркі халықтары арасында маңызы жоғары киіз үйлерді қаптап, ішін әрлеу үшін қолданылады.

Тау биігіндегі жайлаудағы малшылар әлі күнге дейін киіз үйлерде тұрады. Себебі ол маңайда басқа баспана тұрғызу қиын. Сонымен қатар киіз үйлерді қосымша немесе мерекелік баспана ретінде ауыл немесе қалада, сондай-ақ Қазақстан аумағында да кездестіруге болады.

Бүгінде Қызыл-Туу қолөнер аулы киіз үй дайындау шеберлігімен Қырғызстанда ғана емес, одан тыс аймақта да кеңінен танымал.

"Түркі халықтары этникалық мәдениетті қазіргі заманға кіріктіруде белсенділік танытып жатқаны байқалады. Соның ішінде заманауи үлгіде дайындалып, қазіргі нарықта сұранысы артып жатқан киіз үйлер, кілемдер мен басқа да жабдықтардың өндірісін айтуға болады", - дейді экспедицияны ұйымдастырушы, "Үлкен Алтай" ҒАО сарапшысы, АлтМУ Тарих және халықаралық қатынастар институтының директоры Иван Назаров.

Түркі халықтары киізді киіз үйді қаптаумен қатар кілем дайындау үшін де қолданған. Мұндай кілемдерді қыз-келіншектер көне заманнан қалған әдіс бойынша әзірлейді.

2012 жылы ЮНЕСКО қырғыздардың киіз кілемдері – шырдақты адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізді.

Түркі халықтарының тағы бір мәдени мұрасы – эпостар. Бұл ерте орта ғасырдағы халықтың бастан кешірген оқиғалары, қиыншылығы, батырлардың ерліктері мен өмірі айлы баяндайтын әнмен айтылатын көлемді жыр-дастандар. Қырғызстанда мұндай туындылар топтамасы "Манас" деп аталады.

Көне эпосты баяндаушы – қырғыз, қазақ, өзбек, алтай және басқа қоғамда үлкен беделі бар азамат. Халық арасында жыр-дастаншының болашақты болжайтын, тылсым қабілеті бар деген аңыз тараған.

"Біздің дәстүріміз бен мәдениетіміз өте ұқсас болғандықтан, экспедицияға қызығушылық жоғары. Сондықтан шығыс Қазақстанға этнографиялық экспедицияны ұйымдастыру арқылы қазақ халқы мен көшпелі өркениеттің сақталған дәстүрін жинақтап, жүйелеуге болады"¸- дейді "Шығыс Қазақстан облыстық архитектура-этнографиялық және табиғи-ландшафты музей-қорығы" директорының ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Қашакуқызы.

Экспедицияның алғашқы қорытындысы туралы Алтай мемлекеттік университетінде өткен Екінші халықаралық алтайтану форумында баяндалды.

"Үлкен Алтайдағы" түркі-моңғол әлемі": тарих пен қазіргі заманғы бірлік және алуан түрлілік" халықаралық жобасы Ресейдің ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

1 / 8
Мал өрістен қайтып келеді, Ат-Баши ауылы, Нарын ауданы.
2 / 8
Нарын ауданындағы Сон-Көл жазғы жайылымында суатқа келген жылқылар.
3 / 8
Нарын ауданындағы Сон-Көл жайлауындағы малшылар лагері.
4 / 8
Қызыл-Туу ауылындағы қонақ күтуге арналған киіз үй.
5 / 8
Ұста киіз үй керегесін бекітіп жатыр, Қызыл-Туу ауылы.
6 / 8
Шебер ширатып дайындалатын кілемше тоқып отыр, Қызыл-Туу ауылы.
7 / 8
Дастаншылар Манас, Семетей, Сейтек батырлардың өмірі мен жорықтары туралы әңгімелеп отыр.
8 / 8
Экспедициялық жасақ Нарын облысының Ат-Баши ауданындағы Таш-Рабат тарихи ескерткішінің жанында суретке түсіп тұр.