Өңірлер

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы төмендеуі мүмкін
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазгидромет 11-13 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер болжамына сәйкес, елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде қар мен жаңбыр жауады. Екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 11 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде -1°C, күндіз +4°C көрсетеді. 12 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде -2°C, күндіз +2°C болады. 13 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде -4°C, күндіз -1°C суық.

Алматыда 11 қарашада күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы болады. 12 қарашада түнде +2°C, күндіз +12°C жылы. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +4°C, күндіз +10°C жылы.

Шымкентте 11-12 қарашада күн ашық, күндіз +14°C жылы, түнже +1...+3°C. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +2°C, күндіз +9°C жылы болады.