Өңірлер

Екі адам көз жұмды: Ақтаудағы жол апатының видеосы пайда болды

Зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер шұғыл ота жасады. Бір көлік өртеніп кетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Ақтауда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды.

Жол апаты 8 қараша күні 17-ші және 18-ші шағын аудандары арасында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі бұрылмақ болған кезде аса қатты жылдамдықпен келе жатқан Toyota Corolla көлігі келіп соқтығысады.

Соққы салдарынан Corolla аударылып, өртенді, деп хабарлайды Lada.kz.

Ал Mercedes көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қатты соққыдан көліктен ұшып шыққан. Олар алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. 

Corolla-да болған адам да зардап шекті. 1988 жылы туған ер адам бастың жабық жарақаты, оң жақ тобығының ашық жарақаты диагнозымен ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер шұғыл ота жасаған. 

Полиция департаменті болжамына сәйкес, Mercedes-Benz жүргізушісі Toyota Corolla-ға жол бермеген.