Экономика

Министр тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды электр энергиясынан ажыратпауды тапсырды

Энергетика министрлігі олардың электр энергиясынсыз қалуына үзілді-кесілді қарсы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандар электр энергиясынан ажыратылмайды. Бұл туралы Жамбыл облысында өткен көшпелі кеңес барысында энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Министр электр энергиясымен қамтамасыз етуші компаниялар мен ұйымдар осындай тапсырма берді.

"Әдетте электр энергиясы мен қуаттың тапшылығы кешкі максималды тұтыну сағаттарында белгіленеді. Бірақ аймақ тұрғындары, ауруханалар мен мектептер сияқты әлеуметтік нысандар электр жарығынсыз қалмауы керек. Энергетика министрлігі мұндай шараларға үзілді-кесілді қарсы", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Осыған байланысты энергетика министрі "КЕГОК" АҚ-на, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен бірлесіп апта соңына дейін талдау жүргізуді және тұрмыстық тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Жамбыл ГРЭС-інің қуаты артады

Сонымен қатар Министр Жамбыл ГРЭС-інің 4 және 5-ші блогын қалпына келтіруге кірісу міндетін қойды, бұл болашақта электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның энергия тапшылығы бар оңтүстік аймағында электр энергиясын тұтыну биыл 12%-ке өсті. Тұтынудың өсуіне байланысты "KEGOC" АҚ 500 кВ транзитін солтүстік-оңтүстік бағытында артық жүктеме түседі, электр энергиясын генерациясы  мен тұтынудың теңгерімсіздігі пайда болады. Электр энергиясын өндіру мүмкіндігіне қарағанда тұтыну артық. Осыған байланысты Жамбыл ГРЭС резервтері пайдалануға беріледі.

Министр 30 қазанда "Жамбыл ГРЭС" АҚ-ының электр энергиясына шекті тарифтері бекітілгенін хабарлады.

Жүйелік оператор күн сайын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоса алғанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тарапынан электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінен ауытқулар мен бұзушылықтарды тіркейді.

Оқи отырыңыз: