НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 909 науқас тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын 1031 адамнан коронавирус табылған болатын.
Пандемия басталғаннан бері елде барлығы 950 539 адам коронавирус жұқтырып, 12 291 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте 909 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, 32 адам қайтыс болды (8 қарашадағы деректер).
16 науқасқа коронавирустық пневмония деген диагноз қойылды, бір тәулікте екі адам осы дерттен қайтыс болды (7 қарашадағы мәлімет).
Оқи отырыңыз: "Күшейтілген режимде жұмыс істесін": Мамин әкімдерге тапсырма берді
Вакцинаның бірінші компонентін 8 409 883 адам, екінші компонентін 7 674 577 адам салдырды.
Жаңартылған статистика:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 109,
- Алматы қаласы - 79,
- Шымкент қаласы - 16,
- Ақмола облысы - 76,
- Ақтөбе облысы - 4,
- Алматы облысы - 61,
- Атырау облысы - 9,
- Шығыс Қазақстан облысы - 50,
- Жамбыл облысы - 15,
- Батыс Қазақстан облысы - 10,
- Қарағанды облысы - 109,
- Қостанай облысы - 83,
- Қызылорда облысы - 7,
- Маңғыстау облысы - 3,
- Павлодар облысы - 133,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 135,
- Түркістан облысы - 10.