Оқиға

Алматыда жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

Анықталғандай 25 жастағы жігіт биікте қауіпсіздік белбеуінсіз жұмыс істеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы биіктен құлап көз жұмды. 

Оқиға "Самал-3" ықшам ауданында болған.

Анықталғандай 25 жастағы жігіт биікте қауіпсіздік белбеуінсіз жұмыс істеген.

Жұмысшы жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

Қазіргі күні осы оқиға бойынша тиісті сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қайғылы жағдайға баға беріледі. 

Оқи отырыңыз: