Оқиға

Алматыда коттедж өртеніп жатыр – видео

Зардап шеккендер мен шығынға қатысты ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта шатыр өртеніп жатыр, айналаны қара түтін басты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Бостандық ауданында салынып жатқан "Мирас" шағын ауданындағы үйден өрт шықты.

Алматыда коттедж өртеніп жатыр – видео

Оқиға орнына барған Sputnik Қазақстан тілшісі екі қабатты коттедж төбесі отқа оранғанын хабарлады.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өрт салынып жатқан үйден шыққан. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендерге қатысты ақпарат жоқ, жедел қызметтер оқиға орнына келді.

От шарпыған аумақ есептеліп жатыр.