Денсаулық

Маман коронавирусқа төтеп беретін антидене мөлшерін атады

Антидене көлемін есептеу кезінде жақында ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы енгізген халықаралық өлшем басшылыққа алынады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Ғалымдар коронавирустан қорғауға жеткілікті антидене көлемін атады. Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург атап өткендей, орталық 4 мың адаммен зерттеу жүргізген.

Коронавирустың дельта-штаммынан қорғану үшін халықаралық бірліктегі кемінде 300 антидене қажет болатыны анықталды. Егер антидене көлемі аз болса, онда "Спутник Лайт" препаратын салғызу керек.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады 

Егер "Спутник Лайтпен" вакциналаудан кейін антидене  мөлшері 350-400 деңгейінде болса, онда "Спутниктің" екінші компонентін салғызуға болады.

"Егер адам ағзасында 500 бірліктен көп антидене болса, онда бұл коронавирус жұқтырудан қорғайтын мінсіз мөлшер", - деді ғалым.

Гинцбург халықаралық бірлік деп banding antibody units-ті (антиденелердің бейтараптандырушы бірлігі) меңзеп отырғанын түсіндірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жақында ғана осы өлшемді енгізген болатын.

Біраз бұрын ДДҰ түрлі тестер түрлі бірліктегі антидене санын анықтайтынын білді.

Енді жаңа тәртіп өз жүйесін дайындайтын әрбір фирманы өз нәтижесін ДДҰ өлшеміне айналдыруға міндеттейді.

"Сондықтан енді барлығын бұған дейінгідей титр бойынша немесе позитивтілік коэффициенті бойынша емес, халықаралық бірлік бойынша есептеуге тура келеді", - деп түйіндеді Гинцбург.