Фото

Алыс және жақын жұлдыздар: Алматыда қуыршақтар көрмесі өтіп жатыр – фото

Sputnik

4 қарашада ашылған көрме 14 қарашаға дейін жалғасады.

Биыл көрме бесінші рет өткізіліп отыр. Оған авторлық интерьер қуыршақ өнерінің түрлі бағытындағы 100-ден астам шебер мен бірлестіктің жұмысы қойылды.

Бұған дейінгі төрт көрмеде Қазақстан, Ресей, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан, Беларусь елінің 120-дан астам қуыршақ шеберлерінің жұмысы қойылған.

Биыл көрмеге қойылған туындылар атауы – "Алыс және жақын жұлдыздар".

Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның "Гагарин. Ғарыштағы тұңғыш адам" қуыршағы 2021 жылғы экспозицияның ресми қуыршағы болып отыр.

Бұл қуыршақ 2021 жылы 8 желтоқсанда жүк кемесімен халықаралық ғарыш бекетіне жеткізіліп, сол жақта қалады.

Көрмеге қандай қуыршақтар қойылғанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

1 / 16
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде "Мәңгілік біргеміз" халықаралық авторлық интерьер қуыршақтар көрмесі ашылды
2 / 16
Қуыршақтар көрмесінің ашылуына Ресейдің бас консулдығы мен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі атсалысты
3 / 16
Биыл көрме бесінші рет өткізіліп отыр. Адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай көрме аты "Мәңгілік біргеміз" деп аталды
4 / 16
Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның "Гагарин. Ғарыштағы алғашқы адам" қуыршағы
5 / 16
"Гагарин. Ғарыштағы алғашқы адам" қуыршағы 2021 жылғы экспозицияның ресми қуыршағы болып отыр
6 / 16
"Гагарин. Ғарыштағы тұңғыш адам" қуыршағы 2021 жылдың 8 желтоқсанында жүк кемесімен халықаралық ғарыш бекетіне жеткізіліп, сол жақта қалады
7 / 16
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі көрмеге авторлық интерьер қуыршақ өнерінің түрлі бағытындағы 100-ден астам шебер мен бірлестіктердің жұмысы қойылды
8 / 16
Америкалық әнші Майкл Джексонға арналған қуыршақ
9 / 16
"Мәңгілік біргеміз" халықаралық авторлық интерьер қуыршақтар көрмесіне серіктес болған "Сән тарихы" халықаралық жобасының конкурстық жұмыстары да қойылды
10 / 16
Анастасия Елисееваның Гагаринге арнаған "Юра" қуыршағы қазір Роскосмоста халықаралық ғарыш станциясына жіберілу үшін дайындалып жатыр. Ғарышқа жалауша ұстап тұрған бала Юраның қуыршағы жіберіледі
11 / 16
Көрмеге әр ұлттың ұлттық киіміндегі қуыршақтар да қойылды
12 / 16
Арасында батырлардың да образын кездестіруге болады
13 / 16
"Уақыт машинасы" экспозициясы
14 / 16
Көрме 4 қарашада ашылды, ол 14 қарашаға дейін жалғасады
15 / 16
Қыздар орыс ұлттық биін билеуде
16 / 16
Көрмеге 100-ден астам шебер мен бірлестіктің жұмысы қойылды