Спорт

"Сәкен сөзінде тұрды": Айтжанов шәкіртінің қалай дайындалғанын айтып берді

Сәкен Бибосынов Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов дүбірлі сынға шәкіртінің қалай дайындалғанын айтып берді, деп жазды Olympic.kz.

"Олимпиададан кейін қайтадан шыңға шығу өте қиын. Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскенбіз. Сол кезде Сәкеннен қайталап сұрадым. "Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың" дедім. Бірақ ол өз ойынан қайтпай, Олимпиадада кеткен есесін қайтаратынын айтты. Мінеки, тынымсыз дайындалған Сәкен сөзінде тұрды, әлем чемпионы атанды", - дейді Мырзағали Айтжанов.  

Бапкер мұның бәрі еңбекпен келгенін атап өтті.  

Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті.

Оқи отырыңыз: