Қоғам

Ұтысқа тіккен: сарбаздардың атына несие рәсімдеген әскери қызметші сотталды

Алынған несиенің жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Семей гарнизонының әскери соты сарбаздардың атына несие рәсімдеген әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады аймақтық yk-news.kz сайты.

Аягөз қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде рота командирі қызметін атқарған ол қатардағы жауынгерлердің атына несие рәсімдеген. Несиені мобильдік телефон арқылы онлайн микроқаржылық ұйымдардан алған.

Алынған несиенің жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады.

Сонымен қатар 17 сарбаздың 100 мың теңге айлығын да қалтасына басқан.

"Заңсыз жолмен тапқан қаражаттың барлығын әскери қызметші букмекерлік кеңседе ұтысқа қойған", - деп хабарлады аймақтық әскери тергеу басқармасы.

Ол үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Оқи отырыңыз: